Қоғам

Көрші елде 30 күн тіркеусіз жүруге болады

 

 

 

Бұған дейін Қазақстан азаматтарының Ресейде тіркеусіз 7 күнге дейін ғана қалуға мүмкіншілігі болған. Маусымның 7-нен бастап аталған мерзім 30 күнге ұзарды. Енді азаматтар алаңдамай бір ай көлемінде емін-еркін жүріп, шаруаларын бітіре алады. Бұл жаңашылдық ресейліктерге де қатысты.  

Есенгелді Құлмағамбетов, СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы:

– Егер азамат шетелде тағы да қалғысы келсе, белгіленген 30 күннен асырмай, қосымша 2 ай ала алады, сосын тағы да 3 айға ұзартуға мүмкіндігі бар. Ал, заңды бұзған жағдайда әкімшілік жауапқа тартылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Екі ел арасындағы келісім өз күшіне енгелі көші-қон полициясының жұмысы айтарлықтай жеңілдепті. Әйтпесе, рәсімдеу барысында дәліз толы адам болатын дейді полицейлер.
Андрей Захаров шетелге жиі шығады. Әсіресе, Ресейде туыстары көп екен. Көші-қон басқармасында тіркелмей-ақ жүре беру ол үшін күтпеген қуанышты жаңалық.

Андрей Захаров:

– Бұл бір тамаша өзгеріс болды. Өте ыңғайлы. Ұзақ қағаз жұмысымен бас қатушы еді. Енді  уақыт үнемделеді.

Бұл жаңашылдық өзге солтүстікқазақстандықтарды да қуантты.

– Ресейге шығуға есепке тұру үшін менің екі күнім босқа кететін. Келешекте ұзын-сонар кезекке тұрудың қажеті жоқ.
-Ресейге демалуға жиі барамын. Осылай жасалғаны дұрыс деп ойлаймын.

Данаш Хамзина