Құқық қорғау органдары

Алиментін төлемеген өкінеді

 

 

Феликс өз баласының өміріне салғырт қарайтын әкелердің бірі. 10 жыл бұрын әйелімен ажырасқан. Отбасының шырқы бұзылғалы баласына төлеуге тиісті алименттің бір тиынын да бермепті. Заң бойынша жалақысының 4/1 ұлы Алексейге аударылуы керек. Алайда қаржылық демеу жасаудың мүмкіндігі болмапты.

Феликс:
– Ленин зауыты жұмысын тоқтатқалы қызметке тұрған емеспін. Кейін аяғымның жілігі сынып, ұзақ уақыт бойы тіпті жер басып жүре алмадым. Қазір өздігімнен қимылдау қиын. Мүгедекті кім жұмысқа алады.  

Алексей биыл кәмелет жасына келеді. Мектепті тәмамдаған ұлына жалғызбасты ананың жоғары білім беруге шамасы келмейтін көрінеді. Аз да болса әкесі көмектессін деп арызданған. Алимент қарызы бүгінде 1 млн. 876 мыңға жетіп қалыпты. 70-ті желкелеген шешесінің зейнетақысына қарап отырған Феликске әкелік міндетін орындау үшін баспанасын сатып беререшегінен құтылудан басқа амал жоқ. Мәселе дәл осылай шешілетін болса,  баласының кесірінен қарт ана далада қалатын түрі бар. Жалпы облыс орталығында алимент төлеу бойынша 2793 құжат толтырылған болса, 1200 борышын өтеуден бас тартқандарға қатысты.

Қарлығаш Абаева:  
– 2012 жылдың басынан ғана алимент төлеуден жалтарып жүргендерге қатысты 447 арыз түсті. Бүгінде өздігінен туған баласына қаржы беруден бас тартқан 1000-ға тарта азаматтың қарызы бірден жалақыдан аударылады.  

Егер де бұл заңға мүлдем көнбейтіндер табылса қылмыстық жаупкершілікке тарту жазасы қарастырылған.

 Жеңіс Ермұқанов