Қоғам

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат

 

Бүгін «Халыққа қызмет көрсету орталығына» келушілерге жастар ұйымының белсенділері үнпарақтар таратуда. Әрбір буклеттің мағынасы әртүрлі.

Данияр Әбутәліпов, «Нұр Отан» ХДП «Болашақ» филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Бірінші кітапша «Елімізді жемқорлықтан тазартайық» деген ұранмен, жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер жөнінде жазылса,екіншісі шұғыл әрекет ету орталығының жұмысына құрылған, ал үшінші үнпарақта ұлы жазушылар, белгілі қоғам қайраткерлерінің жемқорлық жайлы ойлары жазылған ақпарат берілген.

«Жаңғырту мен жемқорлық – үйлеспес ұғымдар» акциясы ағымдағы жылдың 3-ші мамырында бастау алған. Бұл шара жалпыреспубликалық ақпараттық-насихат науқаны шеңберінде өткізіліп отыр, акция бір айға жоспарланған. Осы мерзім ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында 30 шақты түрлі шаралар ұйымдастырылды.Ол – азаматтарды қабылдау, пікірталастар өткізу, қоғамдық тыңдаулар, рейдтер. Мұндай акция солтүстікқазақстандықтар арасында қолдау тауып отыр.

– Жемқорлыққа қарсы осы сипаттағы акцияларды өткізу дұрыс деп ойлаймын. Ол әлеуметтік дертті  ауыздықтауға септеседі.
– Бұл керек іс-шара. Себебі  біреулер адал ниетпен келсе, біреулер оңай жолды таңдап, ақшаның көмегімен жолды кесіп жатады.

«Жаңғырту мен жемқорлық – үйлеспес ұғымдар» акциясы сонымен қатар СҚО ІІД жол полициясы басқармасы мен салық департаментінде де ұйымдастырылды.

Әсел Күшенғалиева