Ауыл шаруашылығы

Диқандар алқаптарды химиялық өңдеуде

 

Компьютерлендірілген «Джон Дир» егіс алқаптарына қандай көлемде химиялық препараттарды шашу керектігін өзі есептейді. Ол джи-пи-эс жүйесімен жарақтандырылғандықтан түнгі уақытта жұмыс істей береді. Техника бірден 36 метр аумаққа гербицид себе алады. Руслан Дулатов замануи кешенді екі жыл көлемінде басқарып жүр. Қазір оның тілін жетік меңгеріп алған.

Руслан Дулатов, «АБИ-Жер» ЖШС механизаторы:

-Қызметім өзіме ұнайды, еш салмақ түсірмейді. Кабинасы да заманауи құрылғылармен жарақтандырылған. Дж-пи-эс жүйесі тұрғандықтан, гербицидті аса дәлдікпен себеді.

«АБИ-Жер» серіктестігінің егіс алқабы 11 мың гектар. Оның 70 пайызына майлы дақылдар себілген. Ал 4 мың гектарына дәнді дақылдар орналастырылған. Қазіргі таңда шаруашылық арамшөппен күрес жүргізуде.

Василий Черкасов, «АБИ-Жер» ЖШС бас агрономы:

– Ауа райы қолайлы болған жағдайда шілде айының басына дейін алқаптарға химиялық заттарды сеуіп боламыз деген ойдамыз. Егістік жерге 100 пайыз гербицид, инсектицид және тыңайтқыш заттар себіледі.

Аудан бойынша химиялық өңдеу жұмысын жүргізуге арналған АН-2 маркалы 1 ұшақ, 78 бүріккіш бар. Оның 7-уі жоғары сапалы техника. Бұл арнайы техниканың көмегімен тәулігіне 17 мың га жерді дәрілеуге болады. Тыңайтқыштарды сіңіру кешкі және таңертеңгілік мезгілдерде ғана жүргізіледі. Себебі, гербицидтерді сепкен кезде ауа райы тымық болуы керек.

Қайрат Есетов, Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары:

 – Осындай ерекшеліктерді агроқұрылымдар ескере отырып, арнайы навигаторы бар техникаларды сатып ала бастауда. Бұл агрегат өте тиімді, әрі түнгі уақыттарда жұмыс істеуге болады.

Алқаптарды зиянкестер мен арамшөптерге қарсы дәрілеудің келесі кезеңі егістіктер гүлдегеннен кейін ғана жүргізіледі.

Әсел Күшенғалиева