Денсаулық сақтау

Қатерлі ісіктің алдын алу шаралары



 

«Лейка ст – 4040» құрылғысы 1 сағаттың ішінде бірден 54 шыныны бояйды екен. Адам жасушалары көзге көрінбейді. Сондықтан бояудың 3 түрі қолданылады. Мұның арқасында жасушаларды зертхана қызметкерлері микроскоп арқылы көре алады. Құрылғының қолданыла бастағанына 3 жыл.

Фарида Тюменева, облыстық онкологиялық диспансердің зертхана меңгерушісі:
– Жатыр мойнының қатерлі ісігінің алдын алу үшін скринингтік бағдарлама жүргізіледі. Өткен жылы 20 мың 929 әйелді тексерістен өткіздік. Скринингтік жастағы әйелдер 30 жастан 60 жасқа дейінгілер. Биыл 9 қатерлі ісік ауруын анықтадық.
Оның 7-уі асқындырылмай , дер кезінде белгілі болды.

Биыл зертхана сұйықтық цитологиясы аппаратына қол жеткізуді көздеп отыр. Ол қатерлі ісікті анықтау мақсатында жүргізілетін шаралардың жедел әрі сапалы болуына жол ашпақ. Сондай-ақ онкологиялық дерттерге шалдыққан науқастарды емдеу үшін диспансерде сәулелік терапия әдісі қолданылады. Жыл сайын бөлімшеде 600-ге жуық адам ем қабылдайды.

Мифхат Өмірзақов, облыстық онкологиялық диспансердің сәулелік терапия бөлімшесінің меңгерушісі:
1 жылда жасалатын емшаралардың саны 17 мыңнан астам. Күн сайын 50-ге жуық науқас ем қабылдайды. Сәулелік терапияның сәтті өтуінің 40 пайызы науқастардың алдын ала дайындығына тікелей қатысты. Бұдан кейін қажетті құрал-жабдықтар сапасының маңызы зор.

Сондықтан алдағы уақытта да онкологиялық диспансердің материалдық-техникалық базасы заманауи құрылғылармен толықпақ.

Инеш Шоқақова