Балалар

Кішкентай оқырмандар кітап әлеміне саяхаттады

 

 

 

Кітапханашылар мұндай шараларды жиі ұйымдастырып тұрады. Бұл жолы әдеби кешті тамашалауға бірінші гимназияның кішкентай оқушылары келді. Оларды ертегі әлеміне жол көрсететін Дана үкі қарсы алды. Қойылым украиндық балалар жазушысы Юнна Морицтің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертеді.

Гүлия Ережепова,  кітапханашы:

– Кеш қызықты болу үшін Юнна Мориц ертегілерінің кейіпкерлері келеді. Олармен бірге таңғажайып аралдарға сапар шегеміз. Балалар да қатысады.

Капитан  Врунгель қолына дүрбісін алып кішкентай теңізшілерге құпияға толы аралдарды көрсетті, суда жүзуге үйретті. Кеме әрбір құрлыққа жақындаған сайын Дана үкі Юнна Морицтің өмірбаянынан әңгіме оқып отырды. Мультфильмдерден әндер  тыңдалып, балалар жазушының кітаптарымен танысты. Саяхат картасына қарап отырып, қиял әлеміне сапар шекті. Осындай өзгеше түрде өткен сабақ барысында бүлдіршіндердің ақпаратты жақсы қабылдайтынына кітапхана қызметкерлері сенімді.  

 

– Маған барлығымыздың ойша суға түскеніміз қызық болды. Ергежейлілерге қонаққа бардық.
–  Юнна Морицтің кітаптары қызықты және мейірімді. Енді жиі оқимын.

Данаш Хамзина