Қоғам

Әскери бөлім жас сарбаздарды қабылдады



 

Кең байтақ Отанымыздың тыныштығын қорғау – әрбір қазақстандық үшін зор абырой. Петропавлдағы 6637 әскери бөлімі 130 сарбазбен толықты. Оңай емес әскери өмірге қадам басқан жігіттер қатал тәртіпке үйрене бастаған.  

Берік Тоқтаров, ҚР ІІМ 6637 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі командирінің орынбасары:

– Қазір олар оқу бөлімінде болады. Бір ай шамасында әскери өмірдің қыр-сырын меңгереді. Ант қабылдағаннан кейін бөлімшелерге бөлінеді.

Шыңғыс Қамарбеков әскерге Шымкент қаласынан шақырылған. Ол азаматтық борышын ойдағыдай өтеп шығамын деп отыр.

Шыңғыс Қамарбеков:

– Қандай жаста болсаң да, Отан алдындағы міндетіңді атқаруың керек. Бүгінде мен де елін, жерін қорғаған атам және әкем сияқты парызымды өтеуге дайынмын. 

Ал Жеңісбек Хамзаев Алматы қаласынан келген. Төрт күннің ішінде әскери өмірге аз да болса бейімделіп, ішкі тәртіпті біліп қалған.

 Жеңісбек Хамзаев, қатардағы жауынгер:

-Мұнда бәрі жақсы, әскери пунктте оқу-білімнің негізін алып жатырмыз.

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап 6637 әскери бөлім 200 жауынгермен толыққан.

Әсел Күшенғалиева