“Былғары доп” турнирі

Спорт

14:30 12 Маусым 2012

Жасыл алаңда «Достық» және «Қайсар» командалары, ойын алма-кезек шабуылдармен басталды. “Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда” дегендей “қайсарлықтардың” шабуылы тегеуірінді болып, олар қарсыласты басып озды. Әлішер Әбдіғафаровтың доп теуіп жүргеніне 2 жыл болыпты. Оның тынымсыз дайындықтары бүгін өз нәтижесін берді. Жас аяқ доп шебері өз командасын жеңіс тұғырына алып шықты.

 Әлішер Әбдіғафаров, «Қайсар» құрамасының ойыншысы:

– Маған футбол ойыны ұнайды. Қарсыластарымыз алда келе жатқан, бірақ мен гол соғып, командама жеңіс сыйладым. Алдағы уақытта көп жаттығып, әлемге әйгілі футболшы болғым келеді.

Жалпы футболдан “Былғары доп” турнирі жылда өткізіліп тұрады. Дәстүрлі додада барлығы 12 команда бақтарын сынауда. Мұндай сайыс өткізу – өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына шақыруда маңызды дейді ұйымдастырушылар.

Анатолий Губанов, жарыстың бас хатшысы:

-Балаларды жаман әдеттерден аулақ ұстап, жазғы демалыс мезгілінде бос уақыттарын зая кетірмей, спортпен айналыстыру біздің басты міндетіміз болып табылады. Сонымен қатар өскелең ұрпақты футбол ойынына баулимыз.

Жарыс соңында жеңімпаздар естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

Әсел Күшенғалиева

Бұдан әрі оқыңыз

Спортшылар қашықтықтан жаттығу үстінде
Хоккейшілеріміз есеп айырмасын қысқартты
Хоккейшілеріміз есе жіберді
“Qulager” сырт айдында “Almaty” хоккейшілерін жеңді
Бәйтерек ауылында еркін күрес үйірмесі ашылды
“Qyzyljar” ФК маусымды жеңіліспен бастады
Айыртау ауданының тұрғындары онлайн-марафон өткізіп жатыр
Роман Креч: үйде спортпен шұғылданайық
Солтүстікқазақстандық велошабандоз Олимпиадаға жолдама алды
“Qyzyljar” ФК алғашқы ұпайға қол жеткізді
Хоккейшілеріміз 3-ші рет жеңілді