Құқық қорғау органдары

Екі полицей қамауға алынды

 

 

 Ақпан айында осы ауданның 20 жасар  тұрғыны Иван Рожнов екі бірдей аяғынан айырылған болатын. Оған Есіл ауданындағы Ясновка мектебінен ноутбукты қолды етті деген айып тағылып, мұны мойындату үшін күш көрсетілген. Тәртіп сақшыларынан қашып кеткен Иван 40 градустық аязда екі аяғын үсітіп алған.

Нұрлан Жахин, СҚО бойынша қаржы полициясының баспасөз хатшысы:
– Оларға билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланды деген айып тағылуда. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергелуде. Бұдан басқа ақпарат тергеу  мүддесіне сай жария етілмейді.

Инеш Шоқақова