Қоғам

“Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте”

 

 

 

“Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте” атты қалалық байқау облысымызда алғаш рет ұйымдастырылды. Тартысты додада 4 команда бағын сынады. Сайыскерлер 2 кезең бойынша таза қазақ тілінде өнер көрсетуі тиіс. Әр қатысушыға 15 минут уақыт берілген. ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Петропавл қалалық аумақтық инспекциясының “Жамбас” командасының намысын қорғауға келген Әуесбек Әлімбаев мұндай сайыстардың жастарға берер пайдасы көп екенін айтады.

Әуесбек Әлімбаев, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті қалалық аумақтық инспекциясының инспекторы:
– Қатысып жатқан себебіміз, Елбасының саясатын қолдау мақсатында. Қазақ тілі дами берсін. Қатысып өз өнерлерімізді көрсетудеміз.

Тұңғыш рет өтіп жатқан сайыс қалалық мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің бастарын қосты.  Байқаудың басты мақсаты – қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту болып табылды. Сайысқа қатысушыларға қазылар алқасының қойып отырған талабы өте жоғары.

Аян Садаев, Петропавл қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы:
– Жұп бойынша сайысады. Әр команда өзін таныстырады,  іс қағаздарды аудару 4 тапсырмадан тұрады. Сайыскерлерді тіл тазалығы, сахналық киімдері, өзін-өзі көрсету бойынша бағалаймыз.

“Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте” атты қалалық байқаудың жеңімпаздары диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.

Гүлбану Ахметова