Қоғам

Тағы бір шағын саябақ пайда болды

 

 

 Екі көшенің қиылысындағы саябақты абаттандыру жұмыстары жалғасуда. 30 шырша  көшеті отырғызылып, бұғы мен қыранның мүсіндері орнатылуда. Саябақты абаттандыруға 40 шақты адам жұмылдырылыпты. Әзірге жануарлардың мүсіндері қойылып, астына құм төселуде. Мұның бәрі қала тұрғындарының демалулары үшін дейді облыстық табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Қабиден Сәдуақасов.

Қабиден Сәдуақасов, СҚО табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы:
-Облыс әкімінің тапсырмасымен біздің мекемеге Жамбыл көшесіндегі саябақ бекітілген болатын. 1 айдың ішінде көптеген жұмыстар жүріп жатыр. Сенбіліктер өткіздік.

Күзде мұнда экологтар 10 биотоп отырғызбақшы. Яғни көшеттердің бірнеше түрін екпек. Жыл басынан облыс орталығында 2156 көшет отырғызылған. Мұның бәрі үшайлық шарасының арқасында жүзеге асуда. Тек қала орталықтарында ғана емес, шет аймақтарда да абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз дейді экологтар.

 Сәуле Сүлейменова, СҚО табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім бастығы:
– Көктем мен жаз мезгілдерінде облысымзда 539 га орманды алқапқа көшеттер отырғыздық.
Және орманды қайта қалпына келтіру жұмыстары да жүргізілді. Бұл игі шара күз айында да жалғасады. Сонымен қатар 2 мыңға жуық көшет отырғызылмақ.  

Табиғат сақшылары бұл саябаққа балаларға арналған әткеншектердің орнатылатынын айтады. Және Сергеевка қаласында жаңа саябақ пайда болмақ.

Гүлбану Ахметова