Өсімдік қорғау шаралары

Ауыл шаруашылығы

14:31 6 Маусым 2012

Өңіріміздің орманшылары өткен аптада жасыл желектердің жауы жұпсыз сұр көбелектермен күресу жұмыстарын аяқтапты. Мамандардың айтуынша, бір ағаштың бойында зиянкестің 4 -тен артық жұмыртқа ұялары болса, бұл маңайдағы тоғайларға зор қауіп төніп тұр деген белгі.

Владимир Отрадных, ҚР АШМ АӨК СҚО бойынша аумақтық инспекциясының бастығы:
Қыстап шыққан жұпсыз сұр көбелектер биыл әсіресе өңіріміздің 7 ауданында қаптап кетті. Былтыр тек 5 мың Га кездескен. Биыл 1 жасқа жеткен әзірге құрт түріндегілер 22 269 Га аумаққа жайылған. Шілде айында көбелекке айналып, әрбірі 300-ге дейін жұмыртқа салады. Мұндай үйір орманды қысқа уақыттың ішінде құрта алады.

Қауіптен арылудың тиімді тәсілі – сұр көбелектер шоғырланған аудандарға дәрі себу. Бұл жұмыстарға өсімдіктерді химиялық өңдеуге арналған газдыгенератордың 6-уы жұмылдырылыпты. Дәрі құйғыштың қуаттылығы күніне 1 мың Га орман алқабын игеруге жеткілікті.

Владимир Отрадных, ҚР АШМ АӨК СҚО бойынша аумақтық инспекциясының бастығы:
-Жұпсыз сұр көбелектерін түбегейлі жою үшін “Демерон” инсектицидін шаштық.
Жоғары өнімді дәрінің өсімдіктер мен жануарларға еш зияны жоқ. Химиялық қосынды тек зиянкестерді улауға арналған. Тіпті ол себілген маңайларда мал да жайылып жүре береді. Жидектерге де кері әсер етпейді.

Бұндай кешенді шаралардың пайдасын уақыт көрсетеді. 2008  жылы дер кезінде дәрілеу жұмыстары жүргізілмеген. Соның салдарынан өңірімізде 10 мың гектардан артық тоғайлы алқап жұпсыз көбелектің қорегіне айналып, солып қалған. Инспекция мамандары астықты құртуға құмар италиялық прус шегірткелерін анықтау жұмыстарын да атқарыпты. Былтыр зиянкес Ақжар, Уәлиханов, Айыртау аудандарына қауіп төндірген. Жұмыртқа ұяларын бақылап, зерттеу қорытындысы жәндіктің бұл түрі диқандарды биыл аса мазаламайтындығын көрсетіп отыр. Десе де жекелеген аудандардың агроқұрылымдарына ырыс дәнін сақтап қалудың амалдарын қарастыруға тура келеді.

Жібек Нұртазина, ҚР АШМ АӨК СҚО бойынша аумақтық инспекциясының бөлім бастығы:
Италиялық шегірткенің күбіршіктері Уәлиханов ауданында анықталды. Олардың саны біренсараң түрде ғана. Бұл егіске аса қауіпті емес. Десе де қатердің алдын алу үшін маусымның 15-нен  850 Га жер химиялық өңдеуден өтетін болады.

Болашақта арам шөптер мен өсімдік ауруларына қарсы дәрі шашу жұмыстары қарастырылған.

Жеңіс Ермұқанов

Бұдан әрі оқыңыз

Жанармай бағасы арзандады
Сабыр түбі – сары алтын
Жамбыл ауданына жаңа әкім тағайындалды