Қоғам

Ұлттық аза тұту күні

 

 

Естеріңізге сала кетейік, Қытаймен шекарадағы “Арқанкерген” бекетінде өткен бейсенбіде 14 әскери мен 1 қорықшы опат болды. Бұл суық хабар бүкіл солтүстікқазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Облыс жұртшылығы мен зиялы қауым өкілдері айтулы оқиғаға орай өз көңілдерін білдіріп, қаза болған шекарашылардың туған-туыстарының қайғысына ортақтасты.

-Бұл жантүршігерлік оқиға. Қаза болған жастар барлығымыздың балаларымыз сияқты.Өте өкінішті.
-Еліміз үшін үлкен қайғы.Барлығымыз ішімізден жылаймыз.Енді,бұндай сұмдық ешқашан қайталанбаса екен.

Данаш Хамзина