Көлік және жолдар

Әскери техника байқауы



 

Мұндағы көліктердің әрбірінің өз қызметі бар. Қатал тәртіпті әскери өмірдің ажырамас бөлігіне айналған техника шұғыл әрекетке қашанда сақадай сай болуы тиіс. Сондықтан да жеңіл машина, медициналық жәрдем көрсететін көліктерден бастап, радиостанциямен қамтамасыз етілген ауыр техниканың барлығы бүге-шүгесіне дейін тексерістен өтті. Қорытындысы көңіл толтырарлық болады деген сенімде батальон командирі.

Рашид Баубеков, ҚР ІІМ ІӘ әскери институтының оқу үрдісін қамтамасыз ету батальонының командирі:

-Жыл сайын маусымның басында комиссия келіп, барлық әскери техниканы тексерістен өткізеді. Жауынгерлер дайындалып, жыл сайын техникасын сәйкес келтіріп, техникалық байланысқа жақсы дайындалып келді деп ойлаймын.

Азат Тілеужанов 2006 жылдан бері темір тұлпардың тілін тауып жүр. 161-ші радиостанциядағы ЗИЛ-131 автомобилінің құрылысын бес саусағындай білетін байланыс взводының нұсқаушы-жүргізушісі бұл сыннан өзі басқарып жүрген техниканың сүрінбей өтетініне сенімді.

Азат Тілеужанов, ҚР ІІМ ІӘ әскери институты байланыс взводының нұсқаушы-жүргізушісі:

-Тексерістен өту үшін машина дайын болуы керек. Техникалық жағынан бірден от алуы шарт. Сонымен қатар техникадан басқа өзінің саймандары бар,сол заттарды дайындап, көрсетуіміз керек.

БТР-80 танкінің құрылысы барлық техникадағыдай қарапайым. Брондалған машинаның көмегімен суды да кешіп өтуге болады. Институттағы автомобильдердің жағдайын ҚР ІІМ ІӘ Комитеті техникалық және қару-жарақ басқармасының мамандары бағалады.

Контантин Воронкин, ҚР ІІМ ІӘ Комитеті техникалық және қару-жарақ басқармасының бастығы:

-Тексеріс барысында біз ең алдымен техниканың жалпы жағдайын қараймыз. Оған қосалқы құрал-жабдықтардың бар-жоғы, құжаттардың сәйкестігі, жол ережесіне сай жарық, дыбыс белгілері секілді әзірліктер жатады.

Мамандар әскери көліктердің дайындығын жақсы деп бағалап отыр.

Әсел Күшенғалиева