Құқық қорғау органдары

Борыштарды өндіріп алу акциясы

 

 

Бүгінде борышкерлердің алды өз міндеттерін орындауға кірісіп кетті. ұстауға төленетін ақыны төлемеген. Қарыз 30 000  теңгеге жетіпті. Сот орындаушылары кепілдік ретінде үйде тұрған теледидарды алып кетпек болды. Алайда бағалы мүліктен айырылғысы келмеген пәтер иесінің жұбайы қолма-қол ақшаны алып, борышты өтеуге уақыт оздырмай жөнелді. Мемлекеттік бюджетке төленуге тиісті айыппұлдар әр түрлі. Мәселен,  Игорь Калугин есімді азамат жол ережесін бұзғандығы үшін айыппұл төлеуі тиіс. Заң алдындағы жауапкершіліктен жалтарған азаматтың анасы оның үйде жоқтығын айтып, баласына пәтер есігін ашқызбай қойды. Оның үстіне, ешқашан машинаның болмағанын айтады.  

Аталмыш акция басталғаннан бері мемлекеттік қазынаға  4 миллион теңгеге жуық ақша түскен. Барлығы Петропавл қаласы бойынша 3,5 миллиард теңге көлеміндегі айыппұл төленуі тиіс.

Ербол Торсықбаев, облыстық прокуратураның аға прокуроры:
Қазіргі таңда барлығы сот актілері, сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық бұйрықтары бойынша 3,5 миллиард теңгені құрайтын айыппұл өндірілмей отыр. Оның 350 миллионы әкімшілік айыппұл болып табылады. Әкімшілік айыппұлдарды уақтылы қайтармаған борышкердің мүліктеріне тыйым салады.

Аталмыш шара маусымның соңына дейін жүргізілмек.

Әспет Әбдірешова