Қоғам

“Ғасырларға созылған қасірет”

Өткен ғасырдың 30-50 жылдары ел тарихында мәңгілік қаралы кезең болып қалды. Осы жылдары қаншама ұлт зиялылары мен халық жазықсыздан солақай саясаттың құрбанына айналып, атылып кетті. Талайы өмірлерін түрмеде өткізді. Жиында 30-жылдардағы аштыққа байланысты деректер мен өңірде қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарының тізімі жайлы айтылды. Ол мәліметтер мұрағаттардың мәліметтеріне сүйене отыра жасалған.

Сәуле Мәлікова, СҚО мемлекеттік мұрағатының директоры:
-Бұл дөңгелек үстел саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және биылғы жылы ұлы нәубет Қазақстанда болған аштықтың 80 жылдығы, соның құрбандарын еске алу мақсатында дөңгелек үстелді өткізіп жатырмыз. Біздегі мұрағаттардың деректерін анықтай отыра бүгінгі күні 7 мыңға жуық қуғын-сүргін құрбандарын анықтадық.  

Сол жылдары саяси оқиғаның құрбандары өз жазаларын жаппай жазалау және еңбекпен түзету лагерьлерінде өтеді. Солардың бірі «Карлаг» жайлы мұнда жиылғандар назарына деректі фильм ұсынылды.

Сабыр Ибраев, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих және құқық факультетінің деканы:
-Өткен ғасырдың 20-40 жылдары тоталитарлық жүйе үлкен-үлкен өзгерістер әкелді. 31-33 жылдардағы жаппай ұжымдастыруда Қазақстанда халықтың 3/1 бөлігі қаза тапты. Бұл тарихи шындық жайлы ешқашан қорықпай айтуымыз керек. Себебі бүгінгі демографиялық ахуалға сол жылдардың да зардабы бар.

Репрессия жылдары өңірімізге депортацияға ұшыраған поляк, неміс, Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері жер аударылған. Олардың Қазақстанға орналасуы мен одан кейінгі тағдырларынан сыр шертетін құжаттар арнайы көрмеге қойылған.

Әспет Әбдірешова