Спорт

Боксшылар қоржынында 10 медаль



 

Аян Смағұловтың бокспен айналысып жүргеніне 4 жыл болып қалды. Ол – облыстық, аймақтық ашық біріншіліктердің жеңімпазы. Аян Қазақстанды әлемге танытқан былғары қолғап шеберлері Бақыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиев сияқты мықты спортшы болуды армандайды. Жасөспірім Ишим қаласында өткен турнирде 48 келі салмақ дәрежесінде 3 рет шаршы алаңға шыққан.

Аян Смағұлов, олимпиадалық резевтегі «Жеңіс» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі:

-Ишим қаласында 3 рет алаңға шықтым, біріншіде, шымкенттікпен, екіншіде Түмен қаласының боксшысымен шықтым. Үшіншіде Новосібір қаласының спортшысымен шықтым. Үшеуінде де жеңіске жеттім.

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Ишим қаласында ұйымдастырылған додаға Қазақстан және Ресей елдерінен 120 былғары қолғап шеберлері қатысқан. Солтүстік Қазақстан өңірінің намысын 10 боксшы қорғады.

Мақсат Әбілбашаров, олимпиадалық резевтегі «Жеңіс» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері:

-Ресей Федарациясының Ишим қаласында жарыс болып өтті. 10 бала апарсақ, соның ішінен 4 алтын, 2 күміс, 4 қола медалдарын алып қайтты. Балалар жақсы нәтиже көрсетті.

Алдағы уақытта былғары қолғап шеберлері Президенттің жүлдесі сарапқа салынатын халықаралық турнирге дайындалуда. Турнир маусым айының 1 -6-сы аралығында Алматы қаласында өтеді.

Әсел Күшенғалиева