Балалар

500-дей жас маман дипломмен ауылдарға барады

 

 

“Дипломмен – ауылға!” мемлекеттік бағдарламасының басты көздегені ауылдық елді мекендердегі маман тапшылығы мәселесінің күрмеуін босату. 3 жыл бұрын қолға алынған жоба бұны ақтап келеді. Игі іс аясында бүгінде еліміздің 19 мыңға жуық жас маман  еңбек жолын ауылдан бастапты.

  Ербол Бекбосынов, ҚР Ауыл шаруашылығы министірлігінің сарапшысы:
Ұстаздардың саны 1,8 есеге, дәрігерлердің саны 2,7 есеге өсті. 2009 жылы  6582, 2010 жылы – 540, 2011 жылы – 6742 адам әлеуметтік қолдау алды. 14035 ұстаз, 3732 денсаулық сақтау маманы, 585 мәдениет қызметкері, 198 спорт, 171 әлеуметтік қамсыздандыру маманы келді.  

Алмира Нұрмұқанова – бұндай мүмкіндікті қалт жібермеген 1446 солтүстікқазақстандықтың бірі.  СҚ медициналық колледжінің былтырғы түлегі бірден Қызылжар аудандық ауруханасының мейірбикесі қызметіне тұрған. Өзгелер де бағдарламаның тиімділігін байқап көріпті.

 Алмира Нұрмұқанова, Қызылжар аудандық ауруханасының мейірбикесі:
– Бізге жоба бойынша көтерме ақы берілді 105 мың теңге көлемінде.
Жұмысым өзіме ұнайды. Мамандығым бойынша көп тәжірибе алып жатырмын. Жоба бойынша несие рәсімдеп тұрғын үй алғым келеді. Ол үшін көмектесеміз деді.  

Бүгінде  өңірде 332  жас маман пайыздық үстеме ақысыз несие алып,  баспаналы болған. Үйдің құнын 15 жылдың ішінде өтеп шығу керек. Биыл ғана бағдарлама қатысушыларына әлеуметтік қолдау көрсету үшін республикалық қазынадан 21 млрд. теңге қарастырылыпты. Бұл қаржыны 55 млен теңгесі СҚО үлесінде.

 Айдарбек Сапаров, СҚО әкімінің бірінші орынбасары:
-“Дипломмен – ауылға!” жобасын іске асыру үшін әкімдіктер жас мамандарды даярлауға көмек көрсету керек. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін ауылдан шыққан жас мамандардың патриоттық сезімі басты рөл атқаруы тиіс.
Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бұл идеологияны белсенді насихаттайды. Оны нақты материалдық шаралармен қолдайды.  

Жобаның сәтті іске асуына М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қосып жүрген үлесі аз емес.

Оңдасын Әшімов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры:
2011 жылы 1420 түлектің 70 пайызын жұмыспен қамтуға жәрдемдестік. Көбі алтын бесік туған ауылдарында қызмет етіп жүр. Биыл 1290 маман иесін шығарамыз. Оның жартысынан астамы  “Дипломмен ауылға!” бағдарламасымен жұмысқа тұрмақ. Бүгінде 458 өтініш беріп қойды.  

Жиынға қатысқан биылғы түлектер қонақтарға өздерн қызықтырған сұрақтарын қойды.

 Айжан Қуандықова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
Бағдарлама тиімді. Бұл мүмкіндікті пайдаланғым келеді. Бірақ ауылға байланып қаламын ғой. Егерде мен бір себептермен қалаға оралсам несиемді қайтару керек. Бірден үлкен соманы төлеу жас маманға қиын болары сөзсіз.  

Заң бойынша алған бетінен қайтқан адам несиені 1 айдың ішінде қайтаруы тиіс. Жүздесуге келген мамандар бұл талап үш айға ұзартылуы мүмкін екендігін айтады. Қалай дегенде де көпшіліктің ойы жоба ұтымды дегенге саяды.

Жеңіс Ермұқанов