Қоғам

Мемлекеттік рәміздерге – 20 жыл


Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран – егемендігіміздің белгісі. Сондықтан оларды құрметтеу – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Өңіріміздегі 6637 әскери бөлімінің қызметкерлері мен сарбаздары да мемлекеттік нышандарды ерекше қастерлейді. Тәуелсіздігімізді білдіретін символдар бейнеленген  стендтар бұл әскери бөлімнің әрбір бөлімшесінің қабырғасында орын алған. Сонымен бірге бұл жерде мемлекеттік рәміздер туралы арнайы сабақтар да өткізіліп тұрады.

Берік Тоқтаров, 6637 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары:
Мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбы бар. Мұнда Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның шығу тарихы, мемлекеттік нышандардағы белгілердің мағынасы жайлы толық ақпарат береміз. Мұндай сабақтарға тек сарбаздар ғана емес, сонымен қатар әскери бөлімнің барлық қызметкерлері қатысады.

Мемлекеттік мейрамдар сайын 3 адамнан құрылған топ мерекеге арналған салтанатты шараларда еліміздің байрағын шығарады. Бұл іс кез-келген адамға тапсырылмайды. Мұндай мәртебеге ие болу үшін әскери қызметкердің үлкен жетістіктері болуы шарт

Берік Тоқтаров, 6637 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары:
Көк байрағымызды салтанатты шараға шығаратын топ үздік офицерлерден құралады. Олар – әскери қызметтің, өз істерінің үздіктері. Мұндай азаматтарға үлкен жауапкершілік ажүктеледі, сондықтан олардың сырт келбеті де назарға алынады. Бойы 175 см-ден кем болмауы тиіс. Саптық дайындығы да өте жақсы болғаны жөн.

Үстіміздегі жылғы маусымның 4-інде еліміздің киелі нышандары Ту, Елтаңба және Әнұранға 20 жыл толмақ.  

Айдана Демесінова