Ауыл шаруашылығы

Дәнді дақылдар жартылай себілді

 

 

 

Үстіміздегі жылы жергілікті  шаруашылықтар 4 жарым млн гектар алқапқа дән сіңірмек. Оның 3 млн 830 мыңнан астамы – дәнді дақылдар , 328 мың гектары майлы тұқымдастар. 27 мың га аумақ картопке, ал 5,1 гектары көкөністерге арналған. Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша агроқұрылымдар 1 млн 918 мың гектардан артық алқапқа дән сеуіп үлгеріпті. Яғни жоспардың жартысы орындалған. Солтүстікқазақстандық диқандар 306,3 мың га алқапқа майлы дақылдар  септі. Картоп егу науқаны да аяқталуға жақын. Көктемгі жұмыстар кезінде 13 жарым мың тоннадан астам минералды тыңайтқыштар жұмсалған. Егін егу науқанында қызылжарлықтар белсенділік танытып отыр. Ауданда жұмыстың 57,8 пайызы игеріліпті. Одан соңғы орындарда Уалиханов және Айыртау аудандары.

Инеш Шоқақова