Құқық қорғау органдары

Шұжықпен бірге есірткі сатқан


 

 

Орталық көтерме сауда базарында шұжық өнімдерін саудалап жүрген азамат негізгі ісіне жанамалай, есірткі сатумен айналысқан. Күдікті гашиштың кезекті партиясын өткізу кезінде құрықталды. Оқиға орнында сезіктіден есірткінің 12 граммы тәркіленді. Ал улы шөптің өзге бөлігін ол шұжықтың арасында, сауда дүңкіршегінде сақтаған.

 Азамат Аюпов, Петропавл станциясындағы ЖІІБ есірткі бизнесімен күрес бөлімінің жедел уәкілі:

-Оның жұмыс орнын тінту барысында 200 граммнан астам гашиш тәркіленді және тұрғылықты мекен-жайын тексеру кезінде де гашиш  табылды.

Сезікті үйінде 7 грамм есірткі сақтаған. Алайда, бұл айыпты азаматтың алғашқы қылмысы емес. Күдікті 2009 жылы есірткі затын сатқаны үшін 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған екен.

Азамат Аюпов, Петропавл станциясындағы ЖІІБ:

есірткі бизнесімен күрес бөлімінің жедел уәкілі:

– Ұсталған азаматқа ҚР Заңының 259-бабының 2- тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалынып, қамауға алынды.

Жыл басынан бері желілік ішкі істер бөлімінің мамандары заңсыз есірткі айналымының 9 фактісін әшкерелеген. 10 кг-нан артық түрлі есірткі заты тәркіленді.

Әсел Күшенғалиева