Құқық қорғау органдары

«Жеңгетайдың» жолы кесілді



 

Қаладағы сауналардың бірінің әкімшісі негізгі жұмысына жеңгетай қызметін қоса атқарыпты. Ол табыс алу үшін саунаға келушілерге жеңіл жүрісті қыздардың қызметін ұсынумен айналысқан. Осындай жедел хабарды алған полицейлер бірден іздестіру шараларына кірісті. Жеңгетай жезөкшені шақырғаны үшін белгі қойылан ақшаны алып жатқан жерінде ұсталды. “Түнгі көбелек” өз қызметін 8 мың теңгеге бағалапты. Қалыптасқан тәртіп бойынша бұл ақшаның 1500 теңгесі жеңгетайға тиесілі.

Ермек Татваев, СҚО ІІД ҰҚҚКБ бастығы:
– Жезөкшені шақыртқаны үшін алған ақша оқиға орнында тәркіленді. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп, жеңгетайлықпен айналысқан келіншекті жауапқа тарту мәселесі қарастырылуда.

«STOP трафик» жедел алдын алу шарасы барысында жезөкшелікпен айналысатын 22 әйел адам полицияға тіркеуге алынды.

Инеш Шоқақова