Спорт

Шағын футбол жарысы

 

 

«Майский салют» турнирінің 3-ші кезеңіне 16 команда қатысуда. Алаңға алғашқылардың бірі болып Жұмысшы поселкесінің «Сити» командасы мен Ойқаланың «Ишим» құрамасы шықты. Алғашқыда басымдылық ситилықтарда болды.

 Вячеслав Гуменный,  «Мяч» қоғамдық жастар бірлестігінің төрағасы:
– Барлығы турнирға 64 команда қатысты.
Жылдан-жылға футболға қызығушылық танытушы жастардың қатары артып келеді. Турнир маусымның 17-не дейін жалғаспақ.

Ойынның екінші жартысында «Ишим» командасы нәтижелі шабуылдарға көшіп, есепті теңестірді. Жеңімпаз команда пенальтидан кейін белгілі болды. Бұл жолы «Ишим» командасы ойыншыларының бағы жанып, ойын 5:3 есебімен аяқталды. Команданың жеңіске жетуінде доптардың қақпаға соғылуына жол бермеген Владислав Гельмагалеевтың қосқан үлесі зор.

Владислав Гельмагалеев,  «Ишим» командасының қақпашысы:
Ойын қиын болды. Бұған команда құрамының толық болмауы себеп. Өзге ойыншыларды қосуға тура келді. Дегенмен бір-бірімізді жақсы түсінгендіктен, жеңіске жеттік деп ойлаймын.

Турнир жеңімпаздары жазғы демалыс уақытында 1 аптаға Щучинск қаласына бармақ.

Инеш Шоқақова