Қоғам

“Сұңқар” әскери-патриоттық ойындары

 

 

“Сұңқар” әскери-патриоттық ойындары әдеттегідей барлық қалалық мектептердің 11 сынып оқушыларының басын жиды. 5 команда 5 күн бойы бірнеше сыннан өтті. Бұл –  әскери-патриоттық байқау қаруды бөлшектеп , қайта құрастыру, дене шынықтыру жаттығулары, қираған көпір арқылы өту, жарақат алғандарды тасымалдау, нысанаға көздеп ату. Мектеп оқушылары бұған дейін алғашқы әскери дайындық сабақтарында алған білімдерін сынақ барысында жақсы көрсете білді. Нәтижесінде үздік үштікті №3 взвод   қорытындыласа, екінші орынды №2 взвод   еншіледі, ал бас жүлдені №4 взвод  алды.
Жеңіске жеткен болашақ отан қорғаушылар өз ұсыныстарын да білдіріп жатты.

  Дастан Кудияров, қазақтүрік лицейінің оқушысы:
Бәріміз тату-тәтті шеруден өтіп, бірінші орынға ие болдық. Мен үшін ең қиыны шеру болды, ол жерде көп оқушы қатысқандықтан барлығымыз бір жүру, бірдей қимылдарды көрсету керек болды. Жарыс жылына бір рет қана емес, бірнеше рет өткіліп тұрса еліміздің болашағына көптеген пайдасын тигізер еді.

“Сұңқар” әскери-патриоттық ойындары осымен 15 жыл қатарынан өтуде. Жуырда қыздар арасында өткен жарыста 705 оқушы алған білімдерін дәлелдеді. Бұл жолғы сайысқа қалалық 37 мектептің оқушылары  қатысты. Мұндай жарыстардың жігіттерді әскерге дайындауда тигізер көмегі көп дейді қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы Дулат Габдуллин.

  Дулат Ғабдуллин, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы:
Әскер қатарында болу әр азаматтың борыщы. Қатысқан мектеп оқушаларын оқу жылын бітірді деген куәліктер табыс еттік. Бұлар сыныпта отырып емес, өздерін тәжірибе жүзінде көрсетіп жатыр. Балалардың жақсы білім алғандары көрініп тұр.  

Жеңімпаздар билайн ұялы байланыс компаниясының сыйлықтарымен және грамоталармен марапатталды. 243 оқушы алғашқы әскери дайындықтан өтті деген кәліктерге ие болды.

Гүлбану Ахметова