Білім

Айтуарда жаңа мектеп салынады

 

 

Айтуар ауылына ат басын тіреген өңір жетекшісі алдымен ауыл ақсақалдарымен жүздесті.

  Асқар Жекеев, зейнеткер:
Ауылға кіріп тұрған сіз бірінші облыс әкімісіз тыныс тіршілікпен танысып. Аудан әкімі Серік Ыбраев ылғи келіп көріп тұрады. Аудандағы таза ауылдардың біріміз.
  Серік Біләлов, СҚО әкімі:

өріп отырмыз. Бір жанұядай тұрып жатырсыздар.
 
“Ауылым – алтын бесігім” деген мұндағы 50 үйдің түтеткен түтіні түзу, төрт түлігі сай. Тек бір бұйымтайлары бар. Айтуар негізгі мектебі әбден тозған, білім қуған балаларға оқитын жағдай мүлдем жоқ десе де болады.

  Базар Әбдрешов, тыл еңбеккері:
Балаларға жаңа мектеп салынса жақсы болар еді. Сондай ниет бар. Көмек көрсетсеңіз. Мектеп құлап қалуға жақын тұр.  

Мектепті аралап, жұмысымен танысқан облыс әкімі қариялар сөзінің жаны бар екеніне көз жеткізді.Қабырғасы қаланғалы 42 жыл бойы күрделі жөндеу көрмеген білім ошағының жыртықтарын оқу мекемісінің ұжымы бүгінге дейін жамап келеді. Бұл мұқтаждықтың орнын толтыруда мектептің өз шеберханасы бар.

  Серік Біләлов,  СҚО әкімі:
Көптеген орта мектептерде болдық, ондағы жабдықтар шаң астында қалған. Ал сіздердің шеберханаларыңыз кез келген бұйым жасауға жарап жатыр.  

Дене шынықтыру залы мен акт залдарының жоқтығына қарамастан оқушылар түрлі білім, өнер және спорт додаларының жүлдесіне ілігіп жүр. Мұндағы 50 оқушының 20-сы тегін тамақтандырылады. Өзгелерінің түскі асы 30 теңге ғана екен. Сондай-ақ мектеп жанында 18 орындық шағын орталық жұмыс істейді. Құрылыс компанияларымен ақылдасқан өңір басшысы ауылдықтарды көптен күткен жаңалықпен қуантты.

  Серік Біләлов,  СҚО әкімі:
Мынадай мектеп,  қаржы 150 млн. теңге, 1-ші декабрьге дейін бітіруге тиіспіз.  

Жаңа жылға дейін ескісінің маңынан 90 орындық жаңа мектеп салынатын болады. Білім ошағында оқу сыныптармен қатар спорт залы, акт залы мен кітапхана, асхана қарастырылмақшы.  

Жеңіс Ермұқанов