Құқық қорғау органдары

Контрабандалық қаламсаптар


 

Бір қарағанда жай ғана қаламсап сияқты көрінетін   арнайы құралды сатуға тыйым салынған. Бұндай әрекет үшін тіпті қылмыстық жауапкершілік те қарастырылыпты. Бейнекамера орнатылған бұл қалам арнайы техникалық құралдар қатарына жатады. Оларды сату үшін арнайы рұқсат қажет. Аудио және бейнетехника сатумен айналысатын 43 жастағы  кәсіпкер бұл қаламды заңсыз сатпақшы болған. Сезікті сауда жасап жатқан жерінде өз көлігінде ұсталды.

 Ермек Татваев, СҚО ІІД ҰҚҚКБ бастығы:

-Ұсталған ер адамнан арнайы техникалық құралдар қатарына жататын 26 қаламсап тәркіленді. Қазіргі кезде бұл бейнекамералы қаламдар сарапатамаға жіберілді.

Сезіктінің айтуынша, аталмыш заттарды туыстары тауармен бірге беріп жіберген. Қазіргі кезде арнайы техникалық құралдардың кәсіпкердің қолына қалай түскені тексеріліп жатыр. Ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. Сараптаманың қорытындысы бойынша ер адамды жауапқа тарту мәселесі қарастырылады.

Әсел Күшенғалиева