Қылмыс

Теміржол вокзалындағы «бомба»



 

Вокзал маңы бірден қоршауға алынды. Ғимараттағы жолаушылар да қауіпсіз жерге шығарылды. Жедел түрде  іздестіру шаралары жүргізілді.

Не болып жатқанын түсінсем бұйырмасын. Ғимаратты босатыңдар деген соң, сыртқа ағылдық.
Мен демалыс бөлмесінде отыр едім. Далаға шығыңдар деп бәрімізді қуып жатыр. Міне пойызым да келіп қалды. Енді не істерімді білмей далмын.  

Белгісіз азамат вокзалда жарылғыш зат орнатылғаны туралы суыт хабарды түске таман төтенше жағдайлар департаментіне телефон арқылы жеткізген. Абырой болғанда, ақпарат жалған болып шықты. Вокзал аумағын тексерген арнайы қызмет мамандары қауіпті затты таппады. Қазір қоңырау шалған азамат іздестірілуде.

 Динара Сағындықова, СҚО ІІД баспасөз қызметінің қызметкері:

-Мұндай жалған ақпарат таратқан азамат қылмыстық жазаға тартылады. ҚР ҚК 242-бабына сәйкес қасақана террорлық әрекет туралы  жалған хабар бергені  үшін сезікті 200-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлейді немесе келтірілген шығынға байланысты үш жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Үстіміздегі жылы өңірімізде мұндай оқиға алғаш рет орын алды. Ал өткен жылы жалған хабар таратудың 8 фактісі тіркелген болатын.

Айдана Демесінова