ТКШ

“Есіл су ” қызмет бағасын қымбаттатпақ

 

 

 

Қазірде тариф 305 теңге 32 тиын. Елдімекендерді сумен қамтамасыз етуші кәсіпорын бағаны 679 теңгеге дейін өсіруді сұрап отыр. Бүгінде бұл өтініштің қаншалықты негізді екенін анықтау үшін сараптама жүргізіліп жатыр. Соңғы шешім мамырдың жиырма төрті шығарылмақ.

Елена Гусева, “Қазводхоз” РМК “Есіл су” филиалы директорының орынбасары:
– Бізде тарифтің екі түрі бар. Бір тариф мемлекеттен субсидияланады. Яғни, халық сол бұрынғы тарифпен төлейді. Ал кәсіпорындар үшін су бағасын қымбаттатуды межелеп отырмыз. Соңғы рет тариф 2009 жылы көтерілген болатын. Осы үш жылда тауар, қызмет бағасы өсті, айлық есептік көрсеткіш, еңбекақының төменгі мөлшері өзгерді. Осындай көптеген себептер тарифті көтеруге негіз болып отыр.

Айымгүл Әбілева