Білім

Солтүстікқазақстандық оқушылардың кезекті жеңісі



 

Жетінші республикалық педагогикалық олимпиадада оқушылар арасында өткен сайыста 13 құрама сынға түскен. Бұл додаға қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары үлкен дайындықпен барып, жоғары нәтижеге қол жеткізген. “Қызылжар қырандары” Балқаш қаласының құрамасына ғана есе жіберіп, екінші орынға ие болды. Олимпиада талабы бойынша, оқушылар өздерін жан-жақты көрсетулері тиіс. Сайысқа қатысушылардың тапқырлығы мен талабы, ой ұшқырлығы мен тіл байлығы, шығармашылық қабілеті бағаланды. Мұнымен қатар қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары “Болашақты бірге қалаймыз” деген жобаларын да сәтті қорғап шыққан. Соңғы бесінші аталымда команда жетекшілері сынға түскен. Әділхан Наурызбай жауапты кезеңнен мүдірмей өттім дейді.  Айтқандай, педагогикалық олимпиадада студенттер арасындағы сайыста Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық-педагогикалық колледж студенттері бірінші орынды жеңіп алған.

Айымгүл Әбілева