Білім

Шығармалар байқауы жарияланды

 

 

 

Оқушылардың шығармаларын 7 адамнан құралған ұйымдастырушылар комитеті бағалайтын болады. Байқау қорытындысы мамырдың 25-26-сы күндері шығарылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ал ең үздік жұмыстың авторы маусымның 1-і  – балаларды қорғау күнін облыс әкімі Серік Біләловпен өткізетін болады.Жұмыстың көлеміне шектеу қойылмаған. Байқауды ұйымдастырудағы мақсат – облысымыздың көркеюі жолында атқарылуы тиіс жұмыстар туралы кейінгі толқын өкілдерінің ойын білу. Басты назар шығарманың мазмұнына, тың идеясына аударылады.

 Жангелді Тәжин, қалалық мәслихаттың депутаты:
– Москвада Останкино телемұнарасын салар алдында құрылысын басқарған архитекторлар көп ойланып, соның негізгі түйінді ойын таба алмай біраз уақыт жүрген екен. Содан соң балалардың шығармашылық конкурсына барып, соның ішінен Останкиноның негізгі түйінді ойын содан алғанын жасырмай айтып жүреді. Айтайын дегенім “СҚ өңірінің өркендеуі, менің өңірімнің өсіп-өркендеуі” деген шығармада біз мүмкін болашақ ел басқаратын адамдарды, болашақ елдің қамын ойлаған азаматтарды табармыз.  


Айдана Демесінова