Спорт

Каратэден қала чемпионаты

Алғашқы болып тотамиге 6 жастағы каратэшілер шықты.  Елордалық спортшы Арлан Ибраев шинкиокушинкаймен шұғылданып жүрген азғана уақыттың ішінде республикалық жарыстар мен турнирлердің жүлдегері атанып үлгерген. Кезекті додаға да үлкен дайындықпен келген спортшы алғашқы кезеңнен-ақ қарсыласынан басым түсті.

Арлан Ибраев,  жарысқа қатысушы, Астана қаласы:
Каратемен 2 жыл айналысамын, шинкиокушинкай каратесі маған өте ұнайды.

Жарысқа Астана, Петропавл, Теміртау, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар және Ресей Федерациясының Түмен, Ишим қалаларынан 210 спортшы қатысуда. Каратешілердің саны артып қана қоймай, шеберліктері де жыл санап шыңдалып келеді дейді ұйымдастырушылар.

Руслан Сәрсенбаев, СҚО бойынша шинкиокушинкай каратэсі федерациясының президенті:
Балалардың дайындығы өте жоғары деңгейде. Жылдан жылға сапасы өсуде.

Жарыс қорытындысы бойынша 20 келі салмақта додаға түскен көкшетаулық Ернар Жұмашев, 25 кг салмақта күш сынасқан петропавлдық Аслан Болатов және астаналық 6 жасар каратеші Мағжан Әбдуқалық бірінші орыннан көрінді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров өңіріміздің ең үздік каратешісі атағын иеленген Алмат Серікке құнды сыйлық тарту етті.

Әсел Күшенғалиева