Мәдениет

Техникалық шығармашылық көрмесі

Көрмеге қойылған бұйымдар көздің жауын алады. Мұның бәрін балалар қолдан жасаған екен. Бұл жұмыстарға қарағанда жеткіншектердің көп тер төккендігі байқалады. Жұртшылық назарына гуманитарлық-техникалық колледждің студенттері де өз еңбектерін ұсыныпты.

Павел Цисельский, гуманитарлық-техникалық колледждің студенті:
– Менің бірінші жұмысым зертханалық тәжірибеге арналған. Бұл құрылғының көмегімен дыбыстың тұрақтылығын сақтап отыруға болады. Ал екінші бұйымның көмегімен автокөліктердің іштен тұтанатын қозғалтқышының жылуын бақылап отыра аламыз. Бұл дүниелерді құрастыруға 3 жарым ай уақыт жұмсадық.  

Қалалық №2 кәсіптік лицейдің шәкірттері жасаған бұйымдар түрлі-түсті шамдарымен көзге түседі. Мұны бірден су құбыры деп айту қиын. Құрылғы автоматты түрде энергияны үнемдейді. Жылдың қай мезгіліне болса да қолайлы етіп жасалған. Айта кететін жайт – жуырда Астана қаласында өткен республикалық көрмеде бұл жұмыс жоғары бағаға ие болды.

Дмитрий Суслов, қалалық №2 кәсіптік лицейдің студенті:
– Мына жерден ыстық су жүреді. Сұйықтық элеватор түйінімен жүріп отырады. Және сол құбырлар арқылы керісінше суық суға айналады. Бұл құрылғыда қауіпсіздік шараларының бәрі қолданылған.  

Аталмыш көрме қаламызда жыл сайын өткізіліп тұрады. Соңғы екі жыл көлемінде жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылуда. Көрмеге қойылған бұйымдардың бәрін қазылар алқасы 9 аталым бойынша бағалайды.

 Марина Гладкая, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі:
-Көрмеге 9 бөлімнен тұратын бұйымдар қойылған. Авиация, су көлігі, өнеркәсіпке қажетті бұйымдар. Сондай-ақ, мектептен тыс жұмыстарда атқарылған істердің суреттерін де осы жерде кездестіруге болады.

Көрмеде үздік деп танылған жұмыс иелері республикалық байқауға жолдама алмақ.

Гүлбану Ахметова