Бизнес және экономика

“Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасына өзгерістер енгізілді

 

 

 

Астанадан келген меймандар жиылғандарды «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына енгізілген толықтырулармен таныстырды. Оң өзгерістер кәсіпкерлерге өте тиімді. Өйткені жаңа кепілдендіру жүйесіне сәйкес алынатын несиенің 50 пайызына мемлекет кепіл болмақ. Сондай-ақ, өз ісін ашқысы келген кәсіпкерлерге 20 млн теңгеге дейінгі несиенің 70 пайызына мемлекет кепілдеме бере алады. Отырыс барысында бизнесін жаңадан ашқан азаматтарға тағы бір жағымды жаңалық жайлы айтылды.

Бақытжан Сәркеев, ҚР ЭДСМ Кәсіпкерлікті дамыту комитеті төрағасының орынбасары:
-Кәсібін жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлерге гранттық жүйе енгізіп отырмыз. Гранттық жүйе дегеніміз, мысалы, кәсіпкерлерге 3 млн теңгеге шейін грант алуға мүмкіндігі бар. Және бұл грантты олар өзгеше идеялар үшін алатын болады.  

Яғни бұл олжаға қол жеткізу үшін кәсіпкерлер өздерінің тың жобаларын ұсынуы тиіс. Мұны арнайы құрылған комиссия қарастырып бағаламақ.
Жиынға келгендердің қатарында бағдарлама аясында мемлекет көмегіне жүгінгендер де болды. Солардың бірі Ғ.Мүсірепов ауданындағы «Аква-Л» ЖШС-ң өкілдері.

 Ерлан Мұстафин, “Аква-Л” ЖШС коммерциялық директоры, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан:
– Зауытты іске қосу үшін біз 40 млн теңге көлемінде қаржы алдық.
Шөлмектегі ауыз су өндірісімен айналысамыз. Әзірге өнім облысымызда ғана сатылады. Кейін көршілес Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарына шығаруды көздеп отырмыз.

Тимирязев ауданының кәсіпкерлері де мемлекет ұсынған мүмкіндікті пайдалануға асығуда. Мұнда 2 кәсіпорын “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасына қатысуға ниет білдіріпті

Сейітжан Құсайынов, Тимирязев аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы:
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына 2 кәсіпорын өтініш білдірді. Біріншісі – наубайхананы кеңейтуді жоспарлап отыр. Екіншісі макарон цехы. Ол да өз өндірісін кеңейтуді көздеген.  

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын өңірімізде жүзеге асыру үшін 2,5 жылдың ішінде република қазынасынан 2,8 млрд теңге бөлініпті. Нәтижесінде 1234 өтініш қолдауға ие болды.

Айдана Демесінова