МТРА жаңалықтары

Вокзал маңы жаңа кейіпке енеді


 

Вокзал маңының қазіргі жайы сұрықсыз: айнала батпақ пен тұрмыстық қалдықтарға толы. Тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдар да осы араны сағалайды. Алайда жақын арада бұл аумақ абаттандырылмақ. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қаладағы коммуналдық кәсіпорындар жұмысқа кірісіп те кетті.

Асқар Хабибулин, қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы:
– Қазіргі уақытта аумақты абаттандыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ арнайы жоба әзірленіп жатыр. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен қажетті қаражат бөлінді.

Саябақты абаттандыру жұмыстарының аяқталу мерзімі әлі белгісіз. Бірақ бұл жерде алдымен қандай жұмыстар жүргізілетіндігі белгілі. Кеспе тас төселіп, орындықтар орнатылып, көшеттер отырғызылмақ. Солтүстікқазақстандықтар бұл жаңалықты қуанышпен қабылдады. Вокзал маңы – қаланың айнасы дейді олар. Сондықтан оның көрікті болуы маңызды.

– Бұрындары осы маңда ескерткіштің айналасы гүлдер мен ағаштарға толы болатын. Қазіргі күйі қатты алаңдатады. Сондықтан абаттандыру жұмыстарының жүргізілетіндігі қуантады.
-. Бұл жер демалыс орнына айналуы тиіс деп ойлаймын. Ең алдымен қоқыстан тазартып, көгалдандыру қажет.

Бірер сағаттың ішінде аумақ 3 машина қоқыстан тазартылды. Бұл жұмыстар әлі де жалғаспақ.

Инеш Шоқақова