Қоғам

АӘД мұғалімдері білімдерін жетілдіруде

 

 

Олар облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент қызметкерлері ұйымдастырған жиынға қатысты. Сапта жүру дайындығы, қарулардың техникалық белгілері және оларды қолдану ережелері – бір күндік жиын барысында оқытушылар осының бәрін тағы бір мәрте еске түсірді. Енді жиыннан түйгендерін оқушылармен бөліспек.

Сержан Матенов, «Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешенінің мұғалімі:
– Жастарды АӘД сабағы отан сүйгіштікке үйретпек. Болашақта әскери қызмет атқаруға дайындау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.  Осындай сабақтар жиі өткізіледі.  


Инеш Шоқақова