Қоғам

Депутаттар аллеясы

 

 

Петропавлда абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Қалалық мәслихат депуттатары Әуезов және Тоқсан би көшелерінің қиылысына дейінгі жерге 22 түп көшет отырғызды. Алма ағаштары облыстық Кондратов орман тәлімбағынан алынған. Алма ағаштарының көшеттерін сатып алуға жұмсалған қаражатты халық қалулылары көтеріп алыпты. Олардың әр түбі 3-4 мың теңге болады.

Ләззат Жалмұқанова, қалалық мәслихат хатшысы:
-Жыл сайын барлық Қазақстан бойынша сенбіліктер өткізіліп, бірнеше жылдан бері “Жасыл ел” бағдарламасы жүргізіліп жатыр. СҚО әкімі Серік Біләловтың бастамасымен санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу бойынша үшайлық жариялады. Барлығын қаланы санитарлық тазалау жұмыстарына шақырамыз.

Биылғы жылы ағаш отырғызу осы Чайковский көшесінен басталды. Петропавлда жасыл желектің жайқалып өсуіне көп көңіл бөлінуде. Мәселен былтыр облыс орталығында 2000-ға жуық ағаш егілген. Қаланы абаттандыру жұмыстары әлі де жалғаспақ.

Гүлбану Ахметова