ТЖ

Өрт сөндірушілер үлкен апаттың алдын алды

Өрт сақшыларына сәуірдің 23-і күні кешкі сағат 21:40- та Новая, 64 мекенжайындағы жер үйдің отқа оранғаны жайлы хабар түсті.

Құтқарушылар отты жылдам ауыздықтауға тырысқанымен, өрт 136 шаршы метр болатын қораны толығымен құртып үлгерді. Қызыл жалын үйдің шатырын да жалмап кетті. Баспанадан өрт сақшылары 2 оттегі және 5 газ баллонын алып шықты. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда.

Серік Наурызбаев, Петропавл қалалық өртке қарсы күрес қызметінің жедел кезекшісі:
Оттың көрші нысандарға көшу қаупі зор болды. Маңайдағы үй мен қорақопсы тым жақын  орналасқан. Бұған жол берілмей өрт уақытында ауыздықталды. Тілсіз жауды тоқтатуға өрт сөндіру қызметінің екі құрылымы мен 6 арнайы техника жұмылдырылды.

Жеңіс Ермұқанов