Қоғам

Сенаторлар қызылжарлық әріптестерімен кездесті

Кездесу жуырда Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жанынан ашылған «Қызылжар» білім тарату орталығында өтті. Бұл орталық Жолдау жүктеген міндеттерді орындау мақсатында құрылды дейді сенаторлар. Аталған мекеме ауыл шаруашылығы саласы мамандарының көбеюіне септеспек.
Анатолий Башмаков Парламент жұмысы туралы баяндап берді, 2 палаталық жүйенің артықшылықтарын айтып, мысалдар келтірді.

Анатолий Башмаков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Президент 2 рет Мәжілісті таратты, дегенмен Парламенттің жоғарғы палатасы қызметін тоқтатпады. 56 жұмыс күнінің ішінде біз 56 заң қабылдадық. Негізінен бұл заңдар экономикалық ықпалдастық пен Кедендік одаққа қатысты.

Меймандар жиылғандарды жуырда қабылданған заңдармен жақынырақ таныстырды. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі заңның маңызын түсіндірді.

Самат Ескендіров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі заң қабылданды. Әлемдік стандарттарға сәйкес оған өзгертулер енгізілді. Өйткені Қазақстандағы экспорттың өсуіне байланысты әлемдік нарықта орнымызды табуымыз қажет.

Жиында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жайында да сөз болды. Біздің облыс бұл саланы нисиелендіру ісіне бірінші болып қатысыпты. Өңірімізге жанар-жағар май әкеліне бастады.
Кезесу соңында сенаторлар алдағы егіс науқанында солтүстікқазақстандықтарға жемісті жұмыс атқаруларына тілек білдірді.

 Айдана Демесінова