Қоғам

“Болашақ бүгіннен басталады”

 

 

Ұлы Отан соғысы жылдары Петропавлдағы әскери госпитальдарда  қайтыс болған жауынгерлерге арналған ескерткіш 1957 жылы ашылған. Бүгінде мұнда сұрапыл соғыс жылдары ел үшін өмірлерін қиған мыңдаған боздақтың қабірі бар. Ескерткіш маңын тазалауға бағытталған «Болашақ бүгіннен басталады» акциясына жастар ұйымдары, ЖОО мен колледж студенттерінен құралған 200-ге жуық адам қатысты.

Григорий Кухарь, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– Жастардың осындай акцияларға белсене қатысқаны көңіл қуантады. Соның ішінде қаза болған жауынгерлер бейітін тазалауға жиналғандары қолдарлық іс.

Белгіленген  аумақты тазалауда жастар аса жоғары белсенділік танытты. Ескерткіш қоршауының маңын қоқыстардан тазартып, жапырақтарды жинады.

 -Мұндай шаралардың маңызы өте зор деп ойлаймын. Өйткені осындай Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерді ұмытпай әрқашан есте сақтауымыз керек.
– Қаламызды көркейту, оның тазалығын сақтауға мен де өз үлесімді қосқым келеді.

Солтүстікқазақстандық жастардың ұйытқы болуымен өткізіліп жатқан сенбілік игі істің бастамасы ғана. Алдағы бір ай көлемінде олар қаладағы барлық ескерткіштер мен шағын бақтарды қыстан қалған қоқыстан арылтамыз деп отыр.

Самат Жакенов, «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:
– Бір ай көлемінде, яғни 9-мамырға дейін бірқатар ескерткіштерді қалпына келтіреміз. Сырлап, қоқыстардан тазартамыз.

Республикалық акция Ұлы Жеңістің 67 жылдығы қарсаңында аяқталады. Ардагерлер есімін ардақ тұтқан жас ұрпақ мереке күні ескерткішке гүл шоқтарын апарып қоймақ.

Әспет Әбдірешова