Мәдениет

Пасхалық көрме

 

 

 

Елена Мальцева көрмеге моншақтан жасалған түрлі картиналар мен қолөнер туындыларын ұсыныпты. Автордың шығармашылық қиялының жемісі болып табылатын еңбектер бірнеше жыл бойы әзірленген. Енді бұл жұмыстар солтүстікқазақстандықтарды 1 айға жуық уақыт бойы қуантпақ.

Елена Мальцева, Мектептен тыс жұмыстар жөніндегі балалар мен жасөспірімдер орталығының педагогы:
– Әр жұмыс тынымсыз еңбекті талап етеді. Фантазия мен сабырлылық та керек. Дегенмен шабыт болмаса, мұндай туындыларды жасау мүмкін емес деп ойлаймын. Және қолданатын мариалдардың сапалы болуы қажет.

Кесте, керамика, көркем шыны, сәнді панно, батик. Көрмеден әркім өзіне қызық әрі жақын техникада орындалған туындыларды тамашалай алды.

 Ирина Самарина, Қазақстандағы Ресей Федерациясының мәдениет жөніндегі атташесі:
– Мен Петропавл қаласына алғаш рет келіп отырмын. ІІ Пасха фестивалі аясында бірнеше мұражайларды араладым. Солтүстікқазақстандықтардың мәдениет пен тарихқа ерекше көңіл бөлетіндігі қуантады.  

Аудандардағы қолөнер шеберлері де өз еңбектерін ұсынған. Мектеп оқушылары мен студенттер де белсенділік танытып отыр. Ерекше көрме петропавлдықтардың көңілінен шықты.

-Маған бұл көрме өте жақсы болып көрінді. Көптеген суреттер әдемі.
– Қазақстандағы діни татулықты көрсететін осындай көрмелер жиі ұйымдастырылса деп ойлаймын. Балалардың салған суреттері өте қызықты. Өте ұнады.


Инеш Шоқақова