Спорт

Каратешілердің Ресейдегі жеңісі

 

 

Турнирде біздің өңіріміздің 5 спортшысы ел намысын қорғады. Қазақстанан тағы Қарағанды қаласының спортшылары да барған. Өкінішке қарай олар жеңіс тұғырынан көріне алмапты. Ал біздің өңірдің 5 шығыс жекпе-жекшілерінің 2-уі жүлдеге ие болған. Солардың бірі Темірлан Қадіров. Ол боз кілемде Р

есей спортшысымен белдесіп, қола алқаны жеңіп алса, Анна Зеленова 61 келі салмақ дәрежесінде кумитеден алтынға ие болған. Аннаның спорттың бұл түріне бет бұрғанына 11 жыл. Оның осы уақытта бағындырған белестері аз емес. 2007 жылы қара белбеуге ие болса, 2008 жылы каратэ бойынша спорт шебері атанған.

Анна Зеленова, каратэ бойынша спорт шебері:
Бүгінгі таңда нәзік жандылар спорттың кез-келген түрімен айналыса алады. Мені кішкентай кезімде спортзалға әке-шешем жетелеп әкелді. Содан бастап спортқа ден қойдым. Бірнеше жылдар бойғы дайындығым жемісін берді. Қазіргі кезде дене шынықтыру факультетінде білім алып жатырмын. Алдағы уақытта өз шәкірттерімді жаттықтырсам деймін.  

СҚ каратэ федерациясының президенті Асхат Сақыпкереевтің қол астында бүгінгі таңда 100-ден астам спортшы жаттығуда. Ол Новосібір қаласында жыл сайын ұйымдастырылатын турнирге 2004 жылдан бастап тәрбиеленушілерін апарып жүргенін айтады. Биылғы жылғы жарыс өте жоғарғы деңгейде өтті, мен шәкірттерімнің  жеткен жетістіктеріне ризамын дейді СҚ каратэ федерациясының президенті Асхат Сақыпкереев.

Асхат Сақыпкереев, СҚ каратэ федерациясының президенті:
әурдің 7-8-інде Новосібір қаласында үлкен бүкілресейлік турнир өтті. Соған біздің қаладан балалар және жасөспірімдер күрес мектебінің оқушылары қатысты. Жарыс өте үлкен болды. 1200-дей адам қатысты. Рессейдің 17 аймағынан кісілер келді.

Каратэшілер жас ерекшеліктеріне байланысты сынға түскен. Өңіріміздің спортшылары алдағы ел чемпионаты мен Новосібір қаласында қазан айында өтетін турнирге дайындық үстінде.

Гүлбану Ахметова