Бизнес және экономика

Еңбекақы өсті

 

Статистикалық басқарманың мәліметтеріне қарағанда, ең жоғары еңбекақы қаржы кәсіпорындары мен сақтандыру қызметінде. Олардың айлық табысы 2 есе өсіп, 126 343 теңгеге жетті. Көлік және қаттау ісінде жұмыс істейтіндердің орташа жалақысы – 90 895 теңгені құраған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштің 1,4 есеге артқанын байқатады.  

Ал денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметкерлердің орташа еңбекақысы 69 587 теңге болса, білім беру саласында еңбек ететіндердікі 57 518 теңгеге жетті. Өндіріс орындары жұмысшыларының орташа жалақы мөлшері 56 022 теңге. Орман, балық және ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің орташа айлығы 37 001 теңгені құраған.

Айдана Демесінова