Қылмыс

Бірлесіп ішімдік ішу кісі өлімімен аяқталды

 

 

Тәртіп сақшыларына жедел медициналық көмек көрсету бригадасының дәрігерлері қоңырау шалып, Амангелді көшесіндегі үйлердің біріндегі пәтерде ер адамның мүрдесі табылғанын хабарлаған. Ол бас және дене жарақаттарынан көз жұмған. Тәртіп сақшылары 34 жасар ер адамның тұрақты мекен-жайы жоқ екенін анықтады. Полицейлер келген уақытта оқиға орнында үй иесі және екі әйел адам болған. Қылмыс жасалар алдында олар бірлесіп арақ ішкен. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жәбірленушінің басынан балға және бөтелкемен бірнеше рет ұрған.  Пәтерде болған әйелдердің бірі оқиға орнына медициналық көмек шақыртқан.

Қанат Қасенов, СҚО ІІД -нің қызметкері:
– Қазіргі кезде ҚР ҚК 97- бабы бойынша іс қозғалды.
Күдікті қамауға алынды. Тергеу шаралары жүргізілуде.

Гүлбану Ахметова