Мәдениет

Объективте – құстар

 

Ағаш жақтауға қармақ жібін тартып, ортасына фотосуреттерді ілу арқылы жасалған бұндай көрме облысымызда бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Көрмені М.Қозыбаев атындағы СҚМУ жаратылыстану-жағрафия факультетінің жас ғалымдары мен мұражайдың табиғат бөлімінің қызметкерлері бірлесе отырып жасаған. Аталмыш шара ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін «Адам және биосфера» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Мұнда көрсетілген фотосуреттерден автордың зор күш салғаны көрініп-ақ тұр.

Иван Зубань, «Құстар әлемі» көрмесінің авторы:
Қаздарды суретке түсіру қиын болды. Өйткені бұл құс өте сақ. Сенің әрбірқимылыңды байқап қалуы мүмкін. Сондықтан жақсы кадр алу үшін шыдамдылық, төзімділік қажет.

Қазақстанда құстардың 500-ге тарта түрі бар. Соның 283 түрі СҚО тіршілік етеді. Ал  ементұмсықты Петропавл қаласының көшелерінен жиі көруге болады. Көбі бұны шымшықпен шатастырады, ал жақынырақ қараса оның тұмсығының шомбал екенін байқауға болады. Сондықтан да оны осылай атаған дейді көрме авторы Андрей Красников.

Андрей Красников, «Құстар әлемі» көрмесінің авторы
Әрбір құс өзінше ерекше. Су, орман, жыртқыш, сирақты құстар деп бірнеше түрлерге бөлінеді.Көрмеде ең сирек кездеседі деген 26 құс түрін көрсетуге тырыстық. Солардың бірі аққұйрық субүркіт Қазақстан аумағанда мекен етеді.

Көрмені алғашқылардың бірі болып М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері тамашалады.

Мен мына суреттерде көрсетілген құстар жайлы бірінші рет естіп отырмын. Маған өте ұнады.
Бұл көрме танымдық ақпаратқа толы. Құстар әлемі жайлы көптеген ақпарат алдық. Осындай іспен айналысатын адамдардың бары бізді қуантады.

«Құстар әлемі» көрмесі сәуір айының аяғына дейін жалғаспақ.

Әсел Күшенғалиева