ТЖ

Базардағы өрт



 

Гүлімхан Бейсенова тілсіз жаудың кесірінен қаражат табу көзінен айырылып отыр. Отқа оранған сақтау камерасында саудагердің тауарға толы екі сөмкесі қалып қойған.

 Гүлімхан Бейсенова:
Сөмкелердің әрқайсында 1500 доллардың тауары болған. Не істерімді білмеймін.

Бұл күні Гүлімханнан басқа да саудагерлер шығынға батты. Қойма 30-40 қожайынның тауарын сақтауға арналған екен. Тілсіз жаумен өрт сөндірушілер шамамен жарты сағаттай күресуде. Дегенмен көзді ашып-жұмғанша жалын бір тауардан екіншісіне көшіп, оңайлықпен сөндіру мүмкін болмай отыр. Қоймадан шыға берісте орналасқан тауарлар ғана жалаңдаған оттан аман қалуда. Саудагерлер оқиға орнына жақындатылмады. Олар жалынға оранған тауарларына сыртта қарап тұруға мәжбүр.

Біздің келісімшартымыз жоқ. Квитанция да берілмейді.Әр сөмкеде 300 мыңнан.

 Нұрлан Нұқышев, Петропавл қаласы мамандандырылған жасағының бастығы:
101 нөміріне кешкі сағат жетіден 15 минут кеткен уақытта қоңырау түсті. 19.22-де оқиға орнына жеттік. Бұл жерде 1-ші және 3-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері жұмыс істеуде. 4 арнайы техниканың күші жұмылдырылды. Жалын шамамен 48-50 шаршы метр аумақты шарпып отыр.

Өрт 21 сағат 41 минутта ғана сөндіріліп болды. Қазіргі таңда тілсіз жаудың себебі мен келтірген шығыны анықталуда.

Инеш Шоқақова