Сәуірдегі ауа райы

Әр түрлі

16:10 4 Сәуір 2012

Синоптиктер сәуірдегі орташа ауа температурасы жылдағы нормадан 1 градус жоғары болады деп отыр. Алғашқы онкүндікте  күндіз  ауа 3-15 градусқа дейін жылынады, ал түнде сынап бағанасы -5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Синоптиктер сәуірдегі орташа ауа температурасы жылдағы нормадан 1 градус жоғары болады деп отыр. Алғашқы онкүндікте  күндіз  ауа 3-15 градусқа дейін жылынады, ал түнде сынап бағанасы -5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Талғат Жұманов, Солтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығының инженер-синоптигі:

-Екінші онкүндіктің басында  ауа температурасы түнде 5-10 градусқа дейін жылыса, күндіз 17-22, кей жерлерде 27 градусқа жетеді. Сосын түнгі уақытта  0-5, күндіз 11-16, кей жерлерде 6 градус жылы болады деп күтілуде.

Ал үшінші онкүндікте  ауа температурасы түнде  2 градус суықтық пен 8 градус жылылық аралағында, ал күндіз  +5-тен  +15-ке дейін ауытқиды, кей жерлерде тіпті 20 градусқа дейін ысиды. Жалпы сәуір айында ауа райы тұрақсыздығымен ерекшеленеді.  Мәселен, ең жоғары температура +31 градус  1982 жылы сәуірдің  30-да тіркелсе,   1963 жылы сәуірдің бірінде   сынап бағанасы – 26 градусты көрсеткен.

 
Тал
ғат Жұманов, Солтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығының инженер-синоптигі:

– Сәуірдегі ылғал нормадан асады, кей жерлерде  жиі-жиі  жаңбыр жауады, екінші онкүндікте күн күркіреуі мүмкін. Ай соңында бұршақ жауады деп болжанып отыр. .

Бұдан әрі оқыңыз

Қалада тағы бір “Шығыс кілемдер” салоны ашылды
Қазақстандықтар желтоқсанда 12 күн демалады
Жерлесіміз халықаралық сұлулық байқауына қатысады