Спорт

Шаршы алаңда – кикбоксшылар

 

 

 

Жыл сайынғы дода қала мен аудандардың мықты деген кикбоксшыларының басын қосты. Жиыны 50 спортшы. 51 келі салмақ дәрежесіндегі Нұрахмет Дарбаев қарсыласы Жасұлан Тоғбаевты тізе бүктіріп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Нұрахмет Дарбаев, жарысқа қатысушы, Жамбыл ауданы:
– Мен бокспен 4 жыл айналысамын.
Ал кикбоксингпен 1 жыл. Менің қарсыласым мықты болды, бірақ мен оны жеңдім. Жамбыл ауданынан 4 спортшы келдік.

Жеңіске жеткендердің арасында Жанғаз Есеналинов та бар. Ол 70 келі салмақта қолғап түйістіріп, қарсыласы Ислам Сосламбековты тізе бүктірді. Десе де  Жанғаздың шеберлігі шыңдала қоймаған, кикбоксингке жақында ғана бет бұрыпты.

Жанғазы Есеналинов, жарысқа қатысушы:
– Менің екі ай бойғы дайындығым бекер кетпеді.
Менің бұл бірінші жекпе-жегім. Және мен жеңіске жеттім. Мен Жамбыл ауданының жігітін жеңдім.

Облыстық чемпионатқа 1995-98 жылғы спортшылар қатысуда. Жарыс “Жастардың болашағы бүгіннен басталады” деген ұранмен ұйымдастырылған.

Ақжан Сұрағанов, жарыстың бас хатшысы:
– Әр спорттың өз ерекшелігі болады. Бұл спортшыларды төзімділікке, шыдамдылыққа, мықтылыққа тәрбиелеп, өзіне деген сенімділігін арттырады. Қазақстанды жоғары шыңдардан көрсетуге талпындыратын спорт түрі. Сондықтан осындай жарыстар жиі-жиі өткізілуде.  

Жарыс үш күнге созылады. Қазірде ақтық сынға 26 спортшы шықты.

Гүлбану Ахметова