Қайырымдылық

«Бөбек» – 20 жаста

«Бөбек» қорының жас ұрпақтың саналы азамат болуы жолындағы қайырымдылық  істері ауыз толтырып айтарлықтай. Қор 1992 жылы 7 жасқа дейiнгi сәбилердi қамқорлыққа алып, оларды әлеуметтiк жағынан қорғап, парасаттылық рухында тәрбиелеу мақсатында Сара Алпысқызының бастамасымен құрылған болатын. Осылайша, балалар үйінің тәрбиеленушілері республикалық ұйымның шәкіртақысын иеленді. Бүгінде олар туған үйлеріндей болған интернаттан тыс, арнайы орта және жоғары білім алуда.

Владимир Литвиненко, СҚО балалар құқығын қорғау департаментінің директоры:
– Облыста 307 бала Сара Алпысқызының арнайы грантын иеленген. Оларға қор жанынан әр тоқсан сайын 15 000 теңге көлемінде қайырымдылық көмегі көрсетіледі.  

СҚО-да ата-ана қамқорынсыз қалған 2400 бала тіркелген. Оның 688-і балалар үйілерінде тәрбиеленуде.  Мерекелік шараға жиылған қауым «Бөбек» қорының негізін қалаушы, еліміздің бірінші ханшайымы Сара Алпысқызы жайлы бейнефильмді тамашалады. Қордың көмегіне интернат түлектері өз алғыстарын білдірді.

Мария Токарева, отбасылық үлгідегі балалар ауылының түлегі:
Қор тарапынан көрсетілген демеудің арқасында мен бүгінгі таңда Борки кентіндегі кәсіптік-педагогикалық коледжінде білім алып жүрмін. Болашақ мамандығым – құрылыс  саласындағы өндірістік оқыту шебері.
Иван Дубин
, Саумалкөл балалар үйінің түлегі:
«Бөбек» қоры өзімізді қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуімізге мол септігін тигізді. Білімді, саналы азамат болып өсуіміз үшін әрқашан ақшалай көмек көрсетіп тұрады.

«Бөбек» балалар қоры атқарған қайырымды істердің тағы бірі – Республика бойынша «Үміт үйлерінің» ашылуы. Бұл мекемелердің басты мақсаты – тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаға дұрыс тәрбие беру және ата-анаға әлеуметтік жағдайын түзеуге септесу. Сөйтіп, қоғамды сауықтыру мақсатында болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін, адамның рухани азығы болатын «Өзін-өзі тану» жобасы дүниеге келді. Жоба әр адам қоршаған ортаның бір бөлшегі екендігін көрсетіп, өзінің әлеуметтік рөлі мен өмірлік мұратын ұғыну, қоғамға қызмет ету әлеуетін көтеру мақсатында қолға алынған.

Владимир Литвиненко, СҚО балалар құқығын қорғау департаментінің директоры:
– Облыста 307 бала Сара Алпысқызының арнайы грантын иеленген. Оларға қор жанынан әр тоқсан сайын 15 000 теңге көлемінде қайырымдылық көмегі көрсетіледі.  

Әсел Күшенғалиева