Құқық қорғау органдары

Рейд кезінде нашақор-жүргізуші ұсталды



 

Жамбыл және Кәрім Сүтішев көшелерінің қиылысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып қалған. Алтыншы бағыттағы автобустың жүргізушісі бұрылыста РАФ-4 көлігін қағып кетті. Жарақат алғандар жоқ, дегенмен, шетел көлігінің есіктері екі жағынан қысылып, жүргізушісі машинадан шыға алмады. Жүргізушілердің екеуі де өз кінәларын мойындаудан бас тартып отыр.  Бұл жол-көлік апатына кінәліні анықтаушылар нақтылап бермек. Ал сегізінші бағыттағы автобустың жүргізушісі тіпті көлік руліне  есірткі шегіп алып отырған. Құжаттарын тексеруге берген жүргізушінің әрекеттері күдік туғызса керек, ол бірден наркология орталығына жеткізілді. Мамандар оның есірткі қабылдағанын анықтады.  Аталған бағытта жеті жыл бойы жолаушы тасымалдап келген жүргізуші  енді куәлігінен айрылатын болды. Осы тектес жол ережелерінің бұзылуын болдырмау мақсатында полицейлер жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындардың жетекшілерімен кездесу өткізді. Тәртіп сақшылары автобус жүргізушілері күнделікті медициналық тексерістен өтуі қажеттігін айтып отыр.

Гүлмира Шоқтыбаева