Аптадағы маңызды жаңалықтар

ҚР Білім және ғылым министрінің жұмыс сапары

Алдымен Білім және ғылым министірі Бақытжан Жұмағұлов Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ жұмысымен танысты. Жоғары білімді мамандар даярлайтын оқу мекемесінің дәрісханаларын аралап, ондағы мұражайды тамашалады. Кейін Н Погодин атындағы орыс драма театрында әзірленген инновациялық жобалар көрмесін аралады. Онда соңғы уақытта өңіріміздің білім жүйесіне енгізілген озық үлгідегі технологиялар қойылған. Министрді әсіресе тілдерді жылдам әрі жетік меңгеруге мүмкіндік беретін “Лингва” интерактивті кешені қызықтырды. Заманауи құрылғы М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінің оқыту бағдарламасына 2009 жылы енгізіліпті.

Салтанат Сәуірбаева, М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінің оқытушысы:
– Әлемге танымал 26 тілді меңгеруге соның ішінде қазақ тілін меңгеруге мүмкіндік туып отыр. Колледж оқытушылары қазақ тілін өзге ұлттардың меңгеруінің интерфейсін құрастырып, қазақ әліпбиі, сөздігі дыбысталып, жобаға енгізілді.  

Көрмеде Астана қаласының орта кәсіптік оқу ордаларында кеңінен қолданылатын жаңашылдықтар да ұсынылды. Елордадан келген виртуалды бағдарлама мен көлік диагностикасы шебер автомеханик мамандарын шығаруда таптырмас көмекші.

Әлім Мейірманов, жоба менеджері, Астана қаласы:
– Электрондық құрал-жабдықтар арқылы автокөліктің қай жерінің дұрыс жасамай тұрғанын зерттеуге болады. Және мультимедиямен жұмыс жасауға болады. Ағылшын, орыс, қазақ тілінде жасалған. Балалардың білімін жетілдіруге өте жақсы жабдық.  

Кейін Бақытжан Жұмағұлов өңір ұстаздарымен жүздесті. Кездесуді ашқан өңір басшысы Серік Біләлов  облыстағы білім саласының жетістіктері жайлы айтып берді.

 Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Облыста жаңа білім мекемелерінің қатары көбейіп, материалдық-техникалық база нығаюда. Елбасы елдің жарқын болашағын сапалы біліммен байланыстырады. Сондықтан педагогтардың білім деңгейін арттыруға баса назар аударылады.  

Өңіріміздегі 12 мың оқытушының 84 пайызы жоғары санатты ұстаз. “Жұмыспен қамту-2020” бағдарламасы аясында 500 ұстаз шеберлігін арттырған. Білім және ғылым министрі өз кезегінде алдағы 4 жылда 120 мың қазақстандық мұғалім біліктілігін арттыратынын жеткізді. Ол үшін Ұлттық орталық ашылыпты. Ұстаздардың дайындығын тәуелсіз сарапшылар тексеретін болады.

Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Білім және ғылым министрі:
– Материалдық база бар, оқу мекемелері толықтай жабдықталған. Ендігі мақсат ұстаздардың сапасын көтеруіміз керек. Біздің беріп жатқан стандарттарымызды қайтадан қарап, білім өте сапалы болуы керек. Сапаның бәрі әлемдік стандартқа сәйкес болу керек.  

Былтырғы өңір талапкерлерінің 30 пайызы мемлекет есебінен тегін оқып жатыр. Жоғары білім алған түлектердің 93 пайызы мамандығы бойынша тұрақты еңбекпен қамтылған. Ал орта кәсіптік оқу ошақтарын тәмамдаған студенттердің көпшілігі қол қусырып жұмыссыз отыр.

– Практика қатар жүру керек , Білім министрлігі оқу стандарттарын береді, ал кәсіптік стандарттарды жұмыс берушілермен бірге құруымыз керек. Ұлттық   салалық , өңірлік кеңес құрылды. Солар бірігіп,  біздің кәсіптік-техникалық оқу ордаларында балаларды сапалы дайындап, жұмысқа ойланбай кірісіп кететіндей жағдай жасау керек.  

Білім және ғылым министрі облысымыздың барлық колледждері мен кәсіптік лицейлеріне 32 интерактивті тақта сыйлады. Жиында шәкірт саны жыл сайын кеміп келетін шағын мектептердің  тағдыры да сөз болды.

– Әсіресе СҚО шағын мектептердің проблемасы өте көп. Мұнда ондай 500-ден артық мектеп бар. Ресурсты орталықтар құрып жатырмыз. Оларды біріктіріп, сапасын көтермесек мектептердің келешегі екі ойлы болады.

Келесі жылдан 1 сыныптың оқу бағдарламасына  ағылшын тілі енгізіледі. 2015 жылдан бар мектептер 12 жылдық білім жүйесіне ауысады. Алдағы 5 жыл ішінде жалпыға бірдей білім беру ордалары 525 мектеппен толықпақ. Бақытжан Жұмағұлов жас ұрпаққа сапалы біліммен қатар саналы тәрбие беруді  ұмытпау керектігін алға тартып отыр.

– Білім стандартына тәрбие жұмысын кіргізуіміз керек. Әлемде толған ағымдар бар. Әсіресе дін саласында. Интернетте талай керексіз әңгіме бар. Осының бәрінен біздің жастарды бөліп алып,  дұрыс тәрбие беру министрліктің алдында тұрған ерекше жағдай.  

Кездесуде өңіріміздің білім саласының дамуына сүбелі үлес қосқан 3 тәжірибелі ұстаз “ҚР құрметті қызметкері” , 1 оқытушы “Ыбрай Алтынсарин” төс белгісімен марапатталды. Сондай-ақ бірқатары білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттарына ие болды.
Кейін  Бақытжан Жұмағұлов 1100 орындық қазақ мектеп-гимназиясының жұмысымен танысты. Мектепті аралап, жабдықталуын көрді, мұражайды тамашалады. 3 жыл бұрын мектепте құрылған қамқоршылар кеңесінің отырысына қатысты.
Отырыста қалалық мәслихат пен Петропавл ауыр машина жасау зауыты өзара әріптестік жөнінде меморандумға қол қойды. Мақсат – өндіріс саласының мамандарын мектеп жасынан дайындау. Министр осы мектептегі облыстық ғылыми орталық мамандары өңіріміздегі өзге мектептер оқушыларымен  ұйымдастырған онлайн режиміндегі сабаққа қатысты. Жас ғалымдар биыл ғана республикалық білім байқауынан 9 жүлдемен оралыпты. Министр әлем табиғатының шағын үлгісі іспеттес  «Қызылжар» оранжереясына да соқты. Онда 800-ге жуық оқушы 10-нан астам үйірмеге қатысады екен.  Кейін Бақытжан Жұмағұлов Қызылжар ауданындағы Новоникольск шағын мектебіне ат басын тіреді. Ондағы мултимедиялық кабинетте меймандарға ҰБТ-ге тиімді дайындалудың әдістемелері көрсетілді. Білім және ғылым министрі білім шаңырағына интерактивті тақта тарту етті. Жұмыс сапарының соңында министр өңіріміздің үздік деген мектеп директорларымен кездесті. Бақытжан Жұмағұлов оқу мекемелерінің білікті басшыларын Астана қаласында өтетін Ұлыстың ұлы күнін бірге атап өтуге шақырды.

Жеңіс Ермұқанов